Мақтаарал ауданы
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келді.
Іс-сапар барысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді аралап, Мырзакент кентінен жаңа салынып жатырған «Жеңіс» мөлтек ауданына барып, жаңадан салынып жатырған үйлердің құрылысымен танысты.
Жоспарға сәйкес Мұқашева Айгүл Мақсатқызы мен Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы С.Рахымов атындағы жалпы орта мектебінде су апатынан зардап шекен кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» атынан су апатынан зардап шеккен 365 кәсіподақ мүшесіне 35000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек ретінде қаржы табыстады.
Су апатынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелері «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлына шынайы алғыстарын білдіріп, рахметтерін айтты.
Кәсіподақ күші – бірлікте!
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.