МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАТЫН КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАТЫН КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқарып, 2024 жылдың барысында толағай табыстар мен жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген кәсіподақ мүшелерін марапаттауға арналған салтанатты шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Н.Саттаров, аудандық кәсіподақ кмоиетінің төрағасы А.Ниязбеков, аудандық білім бөлімінің бас маманы Б.Пулатова, аудандық мәслихаттың депутаты, С.Айни атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ш.Бабаев, атқару комитетінің мүшелері және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қызмет атқаратын кәсіподақ мүшелеріне Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының, Мақтаарал ауданы әкімінің, Аманат партиясының Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының, аудандық мәслихат төрағасының, аудандық білім бөлімінің, аудандық кәсіподақ комитетінің марапаттары табысталды.

Жылды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, іс-шараға келген кәсіподақ мүшелері көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

2024 жылдың барысында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген барша кәсіподақ мүшелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі