«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтарда орналасқан жалпы білім беру мекемелерінде еселі еңбек етіп жүрген 218 «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлерінің бастауыш сыныптарда (1-4 сыныптарда) оқитын 330 ұл-қыздарына арналған мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар салтанатты түрде табысталды.

Аудан деңгейінде өткен іс-шараға Мақтаарал аудандық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің мүшелері, мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысып, білім беру мекемелерінде қызмет атқарып жүрген батыр аналарымызды айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері де «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып батыр аналарымызға құрмет көрсеткен аудандық кәсіподақ комитетінің ұжымына шынайы алғыстарын жеткізіп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі