«Мектепке жол» акциясы
Республикалық «Мектепке жол» акциясы, дәстүрлі түрде басталды. Биылғы жылғы акцияның ерекшелігі – Қазақстан Республикасының Президенті
Қ-Ж. Тоқаевтың жарлығымен белгіленген «Балалар жылы» аясында өтіп жатыр.
Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталып, халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттай отырып, Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастамаға өз үлесін қоса отырып, әлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында, қажет құрал жабдықтармен, мектеп формасымен қамтамасыз етуді жөн көрді.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің 10.08.2022 жылғы №88 санды хаты негізінде Келес аудандық комитетінің ұйымдастыруымен 22 тамыз күні «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Келес аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты жалпы орта мектептерде қызмет атқаратын көп балалы, кіші қызметкер, аз қамтылған отбасы кәсіподақ мүшелерінің мектепте оқитын ұл-қыздарына мектеп формасын (юбка, шалбар, жилет, рубашка, галстуктарымен) комитет төрағасы Н.Артыков және бастауыш ұйым төрағалары Т.Маматқұлов, О.Бекеев, З.Темирова, О.Турлыбеков мерекемен құттықтап, салтанатты түрде табыстады.
«Мектепке жол» республикалық акциясының өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен барша бастауыш ұйым төрағалары мен әлеуметтік педагогтарына Келес аудандық комитетінің атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі