«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы

Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы атқару комитетінің шешіміне сәйкес, 2019-2020 оқу жылына арналған «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясына үлес қосу мақсатында, Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Достық,  Ж.Нұрлыбаев,  Жаңа жол, Еңбекші, Иіржар ауылдық округтары мен Мырзакент кентінде орналасқан білім мекемелерінің қызметкерлері арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері аналардың бастауыш сыныпта оқитын балаларына Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитеті  тарапынан оқу-құрал жабдықтары және мектеп сумкалары табысталды.

Атаулы іс-шараға басшылық жасап, оқу-құрал жабдықтарын өз қолымен табыстаған Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлері  кәсіподағы комитетінің төрағасы Алданияз Жолдасов, атқару комтетінің мүшелері аудандық маслихаттың депутаты Бауыржан Абилов,  Сафуан Утебаев және ауылдық округ пен кент әкімдерінің орынбасарлары.

Мектепке жол акциясы əле де өз жалғасын тауып, қалған төрт ауылдық округпен Атакент кентінде орналасқан білім мекемелерінің Алтын алқа мен күміс алқа иегерлерінің бастауыш сыныпта оқитын ұл-қыздарына жаңа оқу жылына арналған оқу-құрал жабдықтарымен мектеп сумкалары табысталатын болады.

 

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы