Мектепке жол – шексіз жақсылық
“Мектепке жол” республикалық дәстүрлі қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған бала жылын іске асыру шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Жетісай ауданында “Мектепке жол” акциясы 22 тамыз күні өткізілді.
Осы акцияға Жетісай аудандың кәсіподақ ұйымы қатысып, кәсіподақ мүшелерінің аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында 100 оқушыны мектеп формасымен және сумкамен қамтамассыз етті.
«Мектепке жол» республикалық акциясының өтуіне атсалысып, бізге қолдау көрсеткен барша білім саласының қызметкерлеріне аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !