Мерекелік іс-шаралар
Түлкібас аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен әр жылы дәстүрлі түрде аталып өтілетін «МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ» мен «ҚАЗАҚСТАН КӘСІПОДАҚТАР КҮНІ» мерекелері аудан орталығындағы мәдениет үйінде аталынып өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Н.Байғұт,мәслихат төрағасы С.Сейсенбаев адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Қадырбек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев және ардагер ұстаздардың қатысуымен жоғары дәрежеде өтті. Мерекеде ауданның өз мамандықтары бойынша жетістіктерге жеткен ұлағатты 78 ұстаздар әртүрлі дәрежедегі марапаттарымен марапатталып сыйлықтар берілді. Мерекелі күн соңы өнерлі ұстаздардың концертімен жалғасын тапты.