Мерекелік іс шарасы

Жаңа жыл қарсаңында “Атамекен” салтанат сарайында аз қамтылған, ерекше күтімді қажет ететін балалар, көпбалалы отбасының балалары және халықаралық, республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаздарына арналған “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты мерекелік кеш өтті. Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мен Білім бөлімінің ұйымдастыруымен осы мерекелік кешке қатысқан 100 балаға жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады. Сонымен қатар кәсіподақ комитетіне қарасты кәсіподақ мүшелеріне, көпбалалы педагог қызметкерлеріміздің бала санына қарай тәтті сыйлықтар мен халықаралық, республикалық пән олимпиадаларының жеңімпаз ұстаздар арасында Сарыағаш, Манкент шипажайларына жолдама сыйға берілді.

Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті әрқашан өз кәсіподақ мүшелеріне қорғаушы да қолдаушы бола отырып , төраға Н.Т. Артыков жаңа жылмен құттықтады:

2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін, әр отбасына әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ – береке келсін!

Жаңа 2024 жылы мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шарасы Мерекелік іс шарасы Мерекелік іс шарасы Мерекелік іс шарасы Мерекелік іс шарасыМерекелік іс шарасы