Мерекелік іс-шарасы
1 маусым – «Балаларды қорғау күніне» орай, 30 мамыр күні, Түлкібас ауданының Мәдениет сарайында ауданның 50 мектебі оқушыларының қатысуымен, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, және аудандық кәсіподақ ұйымының қолдау жасауымен мерекелік іс-шара өтті.
Мереке күніне, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.М.Абишев қатысып, құттықтау сөзін айтып, жас жеткіншектерге ізгі тілектерін білдірді.
Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.