Мерекелік іс-шарасы

Мерекелік іс-шарасы

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің филиялы Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастырылуымен «Ұлыстың ұлы күні 22-наурыз» мерекесіне орай білім саласының өркендеуіне, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берудегі жетістіктері және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қоғамдық жұмыстарына өзіндік үлестерін қосуда біліктіліктерін көрсете білген ұстаздарды еңбектерін бағалау мақсатында Наурыз айының 19 күні «Аманат» партиясының Түлкібас аудандық филиалының мәжіліс залында мерекелік іс-шара өткізіліп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықталды. Мектеп директорлары, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздар, балалар бақшасының меңгерушілері және қызметкерлері: «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген үшін» медалі мен «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты», Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» «Кәсіподаққа еңбегі сіңген Төс белгісімен» Түркістан облыстық білім басқармасының «Құрмет грамоталарымен» марапатталды.

Сонымен қатар Аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Қыдралиевтің, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишевтің, Аманат партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісовтың құттықтау марапаттары табысталды.

Түлкібас ауданының жалпы білім беру мектептеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» жөніндегі өткізілген байқаудың қортындысы бойынша мектептерде Техникалық қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерінің орындалуын жүзеге асыруда ішкі бақылауды жүзеге асырудағы жетістіктері үшін аудандық кәсіподақ комитетінің байқау комиссиясының шешімі бойынша:

Жүлделі орын алған мектептер

1. М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназия – І орын

2. Түркібасы жалпы білім беретін мектеп – ІІ орын

3. Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп – ІІІ орын

орындар беріліп. Аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хаты» және сыйлықтар мен марапатталды.

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.