Мерекелік іс-шара
Сайрам Аудандық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес, 28–сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, 2022 жылдың 20-25 сәуір айының аралығында № 11 «Манкент», № 56 Гагарин, № 81 Ұлықбек жалпы орта мектептерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты мамандары, кәсіподақ комитетінің төрағалары, техникалық инспекторларының қатысуымен «Білім беру мекемелерінде қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық семинарлар өткізілді. Семинарлар барысында мекемедегі қауіпсіз еңбек жағдайларды ұйымдастыру туралы, тиісті құжаттардың жүргізілуі мен қауіпсіз еңбек жағдайының сақталуына қабылданатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жөнінде айтылып, методиқалық нұсқаулықтар таратылып . Үздік кәсіподақ төрағалары грамоталармен марапатталды.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.