Мерекелік іс-шара
Түркістан облысы, Шардара ауданы, “Қазақстан” жалпы орта мектебінде “28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау” күніне орай бүкіл мектеп ұжымының қатысуымен мектепшілік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ұлықбек Жұман Назарұлы қатысып, мектеп ұжымын құттықтап, жас мамандарға еңбек кітапшасын және кәсіподақ билеттерін тапсырды. Жас мамандарға ізгі тілегін білдірді. Алғыс хаттармен марапаттады. Мектебіміздің директоры барша ұстаздарды мерекемен құттықтады және алғысын білдірді. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А. Башағұл “Еңбекті қорғау-адамды қорғау” тақырыбында баяндама оқыды. Мектеп қызметкерлерімен оқушылар арасында еңбек туралы өлеңдер мәнерлеп оқылып, әндер айтылды. Еңбек қауіпсіздігі туралы тақырып кеңірек талқыланды. Мектепте “28-сәуір дүниежүзілік еңбекті қорғау” күніне орай дөңгелек үстел, спорттық іс-шаралар, ашық сабақтар өткізілді. Аудандық кәсіподақ төрағасы Ұ. Жұман мектеп ұжымының жұмыстарына жоғары баға берді.
Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.