Мерекелік іс-шара

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай, Ломоносов атындағы жалпы орта  мектебінің акт залында “Қауіпсіз еңбек – лайықты еңбек! атты тақырыбында бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағаларымен іс-шара өткізілді. Салтанатты жиынға адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы А.Тұрсынбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков қатысып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға деген қамқорлық жасау, кәсіподақ табиғатына тән қасиет екенін, негізгі мақсат, өзіміздің азаматтарымызға жұмыс орындарында лайықты, қауіпсіз жағдай жасау керектігін айтып өтті.  Аудандық кәсіподақ комитетінің маманы А.Аликулов, ,,”Қауіпсіз еңбек -лайықты еңбек! тақырыбында ауқымды баяндама жасады.

Түрлі сұрақ- жауаптар беріліп, атаулы тақырып жан-жақты талқыланды. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының  үздік  іс-шаралары, көрмелер, дөңгелек үстел, спорттық ойындар, т.б. ұйымдастырған түрлі жүмыстары назарға алынып, аталып өтілді.  жұмыстары әлеуметтік желіде жарияланды, мереке қарсаңында барлық шараға қатысушылар жақсы көңіл күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара