Мерекелік іс-шара

Қазығұрт аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай ауданымызда «Еңбекті қорғау еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау баршаға ортақ міндет» тақырыбында семинар кеңес өткізілді.

Халықаралық еңбекті қорғау күні – бұл өндірісте қаза болғандарды еске алу күні, жұмыс орындарында өлімнің, жарақаттанудың және аурулардың алдын алу үшін барлығын жасауға дайындық күні. Біздің әрқайсымыз: жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғаудың әлсіз мәдениеті барлық өндірістік жұмысқа  теріс әсер ететінін түсінуі тиіс. Аталған мереке мектептерде жасыл желек бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында К.Әзірбаев және М.Әуезов, «Жылыбұлақ»  жалпы орта мектептерінде түрлі жеміс көшеттері отырғызылды. «Адель» бала бақшасында мерекеге орай семинар кеңес өткізілді.

Сонымен қатар  кәсіподақ мүшелерін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен» және облыстық, аудандық құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара