Мерекелік іс шара
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 31- жыл толуына орай Түлкібас аудандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Дәулен Әбішев мерекелік мәжілісте аудан ұстаздарын Ұлы дала елінің ұлық мерекесі Қазақстан Республикасының 31- жылдығымен құттықтап, ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға қол жеткізгендігін атап өтті.
Мәжілісте Тәуелсіздік мерекесіне орай Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты бірқатар мектеп басшыларымен ұстаздарын “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” Төс белгісімен марапаттады. Облыстық Білім және ғылым қызметкері кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек Сейітжаппарұлы Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы он екі ұстазға берілді. Аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының атынан Алғыс хаттар мен марапатталды.
Сөз соңында АКК-нің төрағасы ұстаздарды марапаттарымен құттықтап , ” Жаңа Қазақстан ” туралы әңгіме өрбітті.
Алдағы уақытта жасұрпақты тәрбиелеп оқыту бағытында бірігіп жұмыс жасауға шақырды.
Түлкібас аудандық кәсіподақ комитінің баспасөз қызметі.