Мерекелік іс-шара

Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде жыл қорытындысы бойынша «Жыл үздіктері -2022» атты іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында жыл қорытындысына орай үздік деп танылған 50 номинация бойынша үздіктер анықталынып марапатталды .

Іс-шараға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, Сайрам ауданы мәслихатының хатшысы Ш.Халмурадов, “Аманат” партиясы Сайрам ауданы филиалының аттқарушы хатшысы А.Әбдіқадыров және Сайрам аудындық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы М.Сейдалиева қатысты.

Іс-шара барысында жыл қорытындысына орай үздік деп танылған білім мекемелері, білім саласының қызметкерлері, ұстаздар , спорттық сайыстарда, түрлі олимпиадаларда жүлделі орын алған оқушылар мен үздік техниқалық жұмыскерлер марапатталды.

Аудан үздіктеріне кәсіподақ комитеті тарапынан сыйлықтар табысталды.

 

Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара