Мерекелік іс-шара
Төлеби аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен білім саласындағы жұмыс істейтін аналарды қошеметтеп 8 – наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында іс- шара өткізді. Іс-шараға аудандағы жалпы білім беретін мекемелердегі 200 мұғалім шақырылды. Білім саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін аналар, аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республика деңгейінде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүрген мұғалімдер. Іс-шарада Аудан әкімі, Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысы, аудандық кәсіподақ комитеті төрағасы құттықтау сөздерін айтып, өз сөздерінде көктемнің алғашқы мерекесі әйелдер күні мерекесімен құттықтап, алғыс хат, құрмет грамотасы және Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтарымен марапаттады. Сондай-ақ мерекелік концерт қойылды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.