Мерекелік іс-шара

Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 3 наурыз күні Сауран ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде нәзік жандыларға арналған кезекті мерекелік кеш өтті.

Салтанатты жиынға жалпы білім беретін мекемелердегі 100 мұғалім шақырылды.

Оның ішінде 50-ге жуық әртүрлі саланың майталмандарына арнайы төсбелгілерін, құрмет грамоталарын және сый-сияпаттарын табыстады.

Барлығы білім саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін аналар, аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республика деңгейінде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүрген мұғалімдер.

Сауран ауданы әкімі аппаратының басшысы Құлажанов Қуандық Салыбекұлы салтанатты жиынды ашып, құттықтай тілегін жеткізіп, түрлі салада еселі еңбек етіп келе жатқан 36 мұғалімдерді марапаттап, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыстады.

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Рысбекова Фатима “Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол баланы өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды” деп Аналар мерекесімен құттықтап, елеулі үлес қосып жүрген өзге де нәзік жандарға құрмет көрсетті. Сонымен қатар әр отбасының ұйытқысы бола отырып, еңбекке араласып, жетістігімен ерекшеленген жандарды “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” төсбелгісімен марапаттап,гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын үлестірді.

Сауран ауданы кәсіподақ комитеті атынан залдағы барлық мұғалімдерге гул шоқтары таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шара әуезді ән шашулар мен кішкентай бүлдіршіндер дайындаған билермен, көтеріңкі көңіл күйде жалғасын тапты.

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара