Мерекелік іс-шара

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай: аудан, қала көлемінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс-шаралар жасалып өтілгені жайлы мәлімдейді.

Бірнеше бастауыш кәсіподақ ұйымдарында «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күні аудандық кәсіподақ комитеті бекіткен іс-шара негізінде жасалды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мектептің кәсіподақ төрағалары мұғалімдерге слайдтар бойынша кең ауқымды ақпарат берді. Ұстаздар арасында үлкен пікірталас орын алды. Мектепте еңбекті қорғаудың жай-күйіне кешенді және мақсатты зерделеу жүргізілді. Ұйым басшыларымен қауіпсіздік талаптары туралы кеңестер өткізілді. Ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылды, еңбекті қорғаудың жай-күйіне қатысты көп мәліметтер берілді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара