Мерекелік іс-шара

2023 жылы 26 сәуір күні аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде, «28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай, Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мекемелердің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, техникалық инспекторлары, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары, шаруашылық меңгерушілері және өндірістік кеңестің төрағаларының қатысуымен «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Түркістан облысы бақылау жөніндегі басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Б.Нұрмаханов, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің бөлім басшысы, заңгері, Ғ.Ақбердиев және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің заңгері М.Молдабаев қатысып, баяндама жасап, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берді.

Семинар барысында, семинарға қатысушылар тарапынан «Қызылжар» жом еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторы Калдарбекова Гулжан Асановна, «Жусансай» жом еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторы Жапанов Медет Қасымханұлы, «Ай-Томирис» бб бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жакен Айгүл Айтбекқызы жарыс сөзге шығып, өз ұжымдарындағы жасаған жұмыстары жөнінде мәлімдемелер жасады.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев еңбек қауіпсіздігіне, кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған ұжымдық шартқа енгізілген талаптарға тоқталып, қойылған сұрақтарына жауап беріп, семинарға қатысушыларға алғысын білдіріп жұмыстарына табыс тіледі. Семинар соңында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөнінде белсенді жұмыс жасап жүрген кәсіподақ мүшелері, Түркістан облысы бақылау жөніндегі басқармасының алғыс хаттарымен, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төс белгісі және құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара