Мерекелік іс-шара
Төлеби ауданы Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Төлеби ауданында «Бала – біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында балалардың эстетикалық және шығармашылық әлеуетін дамыту, талантты балаларды табу және қолдау көрсету мақсатында ойындар өткізілді. Ойында оқушылар “Асық ату”, “Арқан тартыс ”, “Қол күресі ”, “Алты бақан ”, “Суретшілер”, “Ләңгі тебу”, “Гир көтеру”, бекеттерінде тапсырмалар орындалып, тартысты ойын көрсетті. Мерекелік шара аясында балабақша бүлдіршіндері арасында велосипед жарысы ұйымдастырылып, жеңімпаз балаларға велесипед сыйлығы табысталды.Барабаншылар шеруі ұйымдастырылып, спорттың таэквондо және дзюдо түрлерінен өнерлерін көрсетті.
Іс-шара соңында жарыстарда белсенділік танытып, ұлттық ойындардан өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болған балалар Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Іс шара мерекелік концертпен жалғасты.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.