Мерекелік іс-шара
“Мұғалімдер күні!”-кәсіби мерекесіне арналған мұғалімдер мен қызметкерлер арасында кіші футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнир аудандағы мұғалімдердің ынтымақтастығын мен достастығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жетісай қаласы, ауылдық округтерде орналасқан білім беру ұйымдарынан құралған 11 құрама командалар қатысты. Өте тартысты өткен додада үш топқа бөлінген командалардан іріктеліп төрт команда жартылай және ақтық ойынға жолдама алды. Нәтижесінде ойын барысында қақпаға ең үздік гол соққан Ж.Ералиев ауылдық округі командасының ойыншысы К.Карабеков, ойыншылардың номинациясы бойынша “Үздік шабуылшы” атағымен Д.Қонаев атындағы МЛ мұғалімі Қияшев Бағлан, “Үздік қорғаушы” атағымен Х.Доспанова атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Ажібеков Еркінбек, “Үздік қақпашы” атағымен Ғ.Мұратбаев атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Бекбала Айдос, “Үздік ойыншы” атағымен С.Сейфуллин атындағы ЖББМ-ң мұғалімі Содикжан Данияров иеленді. Сонымен бірге кіші ІІІ орынды Жетісай командасы, негізгі ІІІ орынды Жылы су ауылдық округі, ІІ орын Мақталы ауылдық округі, І орынды Ж.Ералиев ауылдық округі командасы иеленді. Бүгінгі өткен іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық марапат иелерін Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік обағы тарапынан арнайы дипломдар, кубоктар, қаржылай сертификаттар табысталды. Іс-шараға қатысқан барша әріптестерімізге үлкен алғыс білдіреміз.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.