Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шара

Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде 5 қазан – Мұғалімдер күні ерекше форматта атап өтілді. Ісшараға келген ауданның 500 мұғалімі қызыл кілеммен жүріп, үздік мұғалімдер шеруі ұйымдастырылды. Ісшараға қатысқан Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан ұстаздарына алғыс білдірді.

Ісшарада көп жылдық тәжірибесі бар ауданның үздік ұстаздары “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен, Түркістан облысы білім басқармасының, Келес ауданы білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Сонымен қатар Келес аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің белсенді де білікті кәсіподақ мүшелерін Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің Алғыс хатымен , «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін” медалімен, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен, Түркістан облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен, «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер”төсбелгілерімен марапатталды.

Мерекелік концертте ауданнан шыққан елімізге танымал Сержанәлі, НұрҚожа сынды әншілер ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар “Camerata Shymkent” квартеті, Балалар Саз үйі мен Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері, білім беру мекемелерінің ұстаздары, №5 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Светлана Манап, О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің хор ұжымы өнер көрсетті.

Ұстаздар күні -барша ұстаздарға құрмет пен ризашылықты білдіретін ерекше мереке.

Ұстаздар күні құтты болсын!

Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.