Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шара

Төлеби аудандық кәсіподақ комитеті 3 қазан күні «Ұстаздар күні» мерекесін аудан көлемінде, білім бөлімімен бірлесе отырып өткізілгендігін мәлімдейді. «Ұстаздық-ұлық емес, ұлы қызмет!» атты ұстаздардың төл мерекесіне арнап, мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға ауданның үздік мұғалімдері, ардагер ұстаздар және кәсіподақ төрағалары шақырылып, сыйлықтар табысталды. Салтанатты іс шарада аудан әкімі міндетін атқарушы алғашқы болып құттықтау сөзін айтып, ұстаздарды мадақтама грамоталарымен марапаттады. Аудандық білім бөлімі басшысы және кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, шәкірттері республикалық, облыстық байқаулардан, ғылыми жобалардан жүлделі орын иеленген ұстаздарды, сонымен қатар кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздарды марапаттады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.