Мерекелік іс-шара

10 қазан Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық мәдениет үйінде, «Кәсіподақ-еңбек адамының сенімді тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, аудандық мәслихатының төрағасы Б.Жұмабеков, “AMANAT” партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Ә.Бердімұрат, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек және аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Нұрабаева қатысып, жиынға келгендерді мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаз, кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы З.Махановада қатысып, құттықтау тілегін білдірді.
Іс-шарада бірқатар ұстаздарға «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің “Кәсіподаққа еңбегі сіңгені үшін” медалі және алғысы, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгілері, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың және Түркістан облыстық, аудандық «АМАНАТ» партиясының алғыс хаттары, Түркістан облыстық білім басқармасының құрмет грамоталары және аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитетінің бірлескен құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында ардагер ұстаз З.Маханова кәсіподақтар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі шығармашыл мұғалімдер арасындағы «Әріптес туралы сыр» байқауының жеңімпаздарын дипломдармен марапаттап, сыйақы және 2024 жылы кәсіподақ мүшелігіне жаңадан қабылданған ұстаздарға Кәсіподақ билеттерін тапсырды. Мерекелік іс-шара кезінде аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары кәсіподақ белсенділеріне өз өнерлерін көрсетті.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.