Мерекелік іс-шара

Мерекелік іс-шара

«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жариялаған «Денсаулық жылын» өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарына сәйкес

«Зерек бала» бөбекжай бақшасында «Денсаулық-болашақтың жарқын кепілі» ұранымен спорттық іс-шаралар семинары өткізілді.

«Қарақұм» жббм базасында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы мен кітапханашының бірлескен «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» атты аймақтық денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Әріптестерге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын тиімді пайдалануға кеңес беріп, әріптестермен тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Денсаулық сағатына Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, мамандары, Төрткүл аймағы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, «Қарақұм» жббм кәсіподақ мүшелері қатысты.

Мектептің кітапханашысы Балабиева Баян Сарсенбековна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбай Әлия Темірханқызы іс-шараны Уильям Уордтың

«Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады»-деген ойы арқылы бастап, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында түрлі тренингтер арқылы қатысушыларды 3 топқа бөліп, теңге алу әдісін қолдана отырып денсаулық сағатын қызықты өткізді. Топтардың белсенді қатысуымен денсаулық сағаты өз мәресіне жетіп, «Қарақұм» жббм директоры А.Стаева, кітапханашы Б. Балабиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Алпысбай және командалық сайыста тиісті орындарды иеленген командалар Ордабасы аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен Алғыс хатымен, командалық сайыста белсенділік танытқан қатысушылар «Қарақұм» жббм директоры мен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының дипломымен марапатталды.

«Дені сау ұрпақ –жарқын болашақ» атты денсаулық сағаты шығыстың «Өмір-сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады» деген нақыл сөзімен қорытындыланды.

Семинарға Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы мен маманы, Шұбарсу аймағы бойынша балабақша меңгерушілеры және ата-аналар қатысты. Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, әр түрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру, тәсілдерін меңгерту, икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.

Семинарды аулада балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері «Көңілді ырғақты би» таңғы жаттығуынан бастаса, «Қошақан» мен «Айгөлек» МАД тобы «Біз аэробикамен біргеміз», «Еркетай» ересектер тобы «Спорт біздің досымыз», «Балауса» ортаңғы тобы «Көңілді доптар», «Бәйшешек» ересек тобы «Шынықсаң шымыр боласың», «Балдырған» ересек тобы «Біз салауатты өмір салты үшін» тақырыбында жасына лайықты қимыл-қозғалыс ерекшеліктерін іс-әрекетпен ұсынды. Тәрбиеленушілердің ата-аналары мен балабақша қызметкерлерінің арасында «Таза ауа, спорт болсын дәріміз» атты сайыспен жалғасын тапты. Қорытынды сәтінде тәрбиеленушілер «Көңіл күйім жоғары» музыкалық бағдарлама ұсынды.

«Денсаулық-болашақтың жарқын кепілі» спорттық іс-шаралар семинары өз мәресіне жетіп, Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен «Зерек бала» бөбекжай бақшасының құрылтайшысы Каныбекова Раушан Шопановнаны, Алғыс хатпен меңгеруші Мұсаева Гүлжан Құдайбергенқызын және медбике, бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Қосмуратова, тәрбиешілер Ж.Жамбулова, Г.Абдураманова, Д.Қонысбекова, А.Ораз, Ш.Телтаева, В.Орынбаева, Ә.Пүсірәлі және тәрбиеші көмекшілері М.Адильбекова, Г.Танирбергенова, Ж.Қожамқұлдарды аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттап, балабақша ұжымына шығармашылық табыстар мен мықты денсаулық тіледі. Құрылтайшы бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып өткізген ұжым қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етті.

Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.