Мерекелік іс-шара
Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы аталып өтілді. Ауданымыздың мұғалімдерін және 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан мұғалімдерін марапаттау рәсімі өткізілді. Жастарды тәрбиелеудегі адал еңбектері, жоғары және кәсіби шеберліктері, білім беру ұйымдарында білім саласына қосқан үлестері үшін, сонымен қатар кәсіподақ саласына қосқан үлестері үшін, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы марапаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.