Мерекелік іс- шара
Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары, аудандық, облыс мәслихатының депутаттары, әкімшілік қызметкерлерімен еңбек ардагерлері қатысты. Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Әмзеева қатысушыларды мерекемен құттықтап, ауданымыздың мұғалімдерін және Желтоқсан оқиғаларына қатысқан мұғалімдерін төс белгілермен, Құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.