Мерекелік іс-шара

Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту  бөлімімен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қарабұлақ ауылының мәдениет үйінде  «Тәуелсіздік деп соғады жұрегім» атты  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудандық адами әлеуетті  дамыту бөлімінің мамандары, аудандық, облыс мәслихатының депутаттары, әкімшілік қызметкерлерімен еңбек ардагерлері қатысты. Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Сейдалиева қатысушыларды мерекемен құттықтап, ауданымыздың мұғалімдерін және Желтоқсан оқиғаларына қатысқан мұғалімдерін төс белгілермен, Құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады. Мерекелік іс-шара  концерттік  бағдарламамен жалғасын тапты.

Сонымен бірге аудандық кәсіподақ комитетінің мамандары №93 Абылайхан атындағы ЖОМ, «1-МАЙ» ЖОМ, №11 «Манкент» ЖОМ, №3 Хамза атындағы ЖОМ, №67 «Көмешбұлақ» ЖОМ-де өткізілген іс шараларға қатысып мамандарды марапаттауна қатысты.

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара