Мерекелік іс-шара

 

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, оқушылар үйі, аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 15-ақпан кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 33-жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде іс-шара өтті.  Іс-шараға Диханкөл Жом мұғалімі Оңалбаев Есенбек, №3 Жом мұғалімі Асылбеков Тайыр ағаларымызды және бір топ ауған соғысы ардагерлері шақырылды.  Осы ардагерлеріміз бейбіт  күнде еңбек етіп, ауданымыздың  өркендеуіне, білім саласының дамуына үлес қосып келеді. Майдангер азаматтар қашанда жастарымызды отансүйгіштікке баулитын бірден-бір өмір мектебі десек, Жаңа Қазақстанның болашағы үшін Мәңгі Ел болуды Қазақ Елі үшін тер төгіп, мемлекет мүддесін жәдігердей сақтауымыз қажет. Білім саласындағы Ауған соғысының ардагерлерін құттықтап мерекелік дастархан,  алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

 

Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара Мерекелік іс-шара