«Мырзашөл таланттары» атты байқау

Наурыз айының 30 күні Н.Исмаилов атындағы жалпы орта мектебінде мазмұнға бай, мағынасы терең іс-шара өтті. Ұлты үшін ерен еңбек атқарған Нұртаза Исмаиловтай азаматты еске алу кешінде мектеп ұжымы, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, аудандық кәсіподақ комитеті, облыстық дарын орталығының қызметкерлері мен қайраткердің ағайын-туыс, ұрпақтары атсалысты. КСРО жоғары кеңесінің депутаты — халық  қалаулысы болған, 4 бірдей ауданда бірінші хатшы болып абыроймен қызмет атқарған, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл ту, Құрмет белгісі сияқты ордендер — мемлекеттік наградалармен бірнеше дүркін марапатталған Нұртаза Исмаилов сияқты қаһарман тұлғаның туғанына 100 жыл толуына орай ұйыдастырылған шарада аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

Мектеп ұжымына, қайраткердің ағайын-туыс, ұрпақтарына, облыстық дарын орталығына алғыс айта келе, оқушылар арасында өткізілген “Мырзашөл таланттары” атты облыстық өнер байқауына қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі.

 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінде “Спорт денсаулық кепілі” атты іс-шара ұйымдастырылып, кәсіподақ мүшелері жоғары деңгейде ойын көрсетті, жүлделі орындарға ие болған ұстаздарға мектеп әкімдігі мен аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан тағайындалған бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағаздары табысталды.

 

 

«Мырзашөл таланттары» атты байқау «Мырзашөл таланттары» атты байқау «Мырзашөл таланттары» атты байқау «Мырзашөл таланттары» атты байқау «Мырзашөл таланттары» атты байқау «Мырзашөл таланттары» атты байқау «Мырзашөл таланттары» атты байқау