МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНДЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Қаңтар айының 24 күні Сайрам аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті мен Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен, ұстаздар арасында волейболдан аудандық турнир өтті.
Жалпы орта білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриотизмді, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға 8 аймақтан 8 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде,
-орын Қарабұлақ округі мектептері,
-орын Көлкент округі мектептері,
-орын Арыс округі мектептері иеленді. Жеңімпаздар кубок, медаль және мадақтамалармен марапатталды.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткенін айтқан жөн. Жеңіс тұғырынан көрінген командаларды құттықтаймыз!
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.