Мұғалімдер арасындағы спартакиада
Түркістан облысы Сауран аудандық Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты “Тұран” жалпы орта мектебінің АКТ залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Сауран аудандық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Сауран ауданына қарасты жалпы орта мектеп мұғалімдері арасында болып өткен футзал және волейбол жарысының салтанатты жабылу кеші болып өтті.
Салтанатты жабылу кешіне Сауран аудандық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Рысбекова, Сауран аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері О. Үсенов, Сауран аудандық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің заңгері Ф. Дадабаевтар қатысты.
Фатима Абуталипқызы жарысқа қатысқан ұстаз мұғалімдерді Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесімен құттықтай отырып жүлделі орындарды иеленген мектептерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Футзал бойынша жүлделі: I-ші орынды А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебі иеленді,
II-ші орынды Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі иеленді, ІІІ-ші орындарды Қызыл жол жалпы орта мектебі мен Шобанақ жалпы орта мектептері иеленді.
Волейбол бойынша жүлделі: I-ші орынды “Тұран” жалпы орта мектебі иеленді, жүлделі II-ші орынды Иқан жалпы орта мектебі, III-ші орындарды М Әуезов атындағы және Қызыл жол жалпы орта мектептері иеленді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және марапаттарыңыз құтты болсын құрметті ұстаздар!
Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.