Мұғалімдер арасында баскетболдан турнир
Ақпан айының 10 – жұлдызында Сайрам ауданы білім беру ошақтары қызметкерлері арасында баскетболдан турнир өтті. Жалпы орта білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға 8 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде,
І-орын Қарабұлақ округі мектептері,
ІІ-орын Карасу округі мектептері,
ІІІ-орын Арыс округі мектептері иеленді. Жеңімпаздарға кубок, медаль және мадақтамалар салтанатты түрде табысталды.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткенін айтқан жөн. Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.