Мұғалімдер арасында жарыс

МАлғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері

арасында жарыс өткізілді.

Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің қолдауымен 05 мамыр күні «Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 77 жыл», Қазақстан Республикасының «Қарулы күштеріне 30 жыл» толуына орай білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері арасында спорттың волейбол, арқан тарту және гір тасын түрінен жарыс ұйымдастырылып өткізілді.

Жарысқа Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

«Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 77 жыл», Қазақстан Республикасының «Қарулы күштеріне 30 жыл» толуына орай ұйымдастырылған жарыстың қорытындысына сәйкес жеңімпаз және жүлдегер болған ұстаздарға Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің дайындаған алғыс хаттары мен жеңімпаздарға арналған кубоктар табысталды.

(с) Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

Мұғалімдер арасында жарыс Мұғалімдер арасында жарыс Мұғалімдер арасында жарыс Мұғалімдер арасында жарыс Мұғалімдер арасында жарыс