Мұғалімдер арасында футзал турнирі

Ұстаздар мерекесіне байланысты Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының демеушілігімен мұғалімдер арасында футзал турнирі болып өтті. Аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің спорт кешенінде мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын нығайту, өзара тәжірибе алмасу мақсатындағы жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі,спорт жанашыры Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараевтар арнайы келіп қатысып өз құттықтауларын жеткізді.

Турнирге жиналған 16 команда 4 топқа бөлініп аламанды бастап кетті.

Турнирдің “Ардагер ойыншысы” жүлдесі Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Талғат Шәймерденов ағайға табысталды. Алпыстың екеуіне келсе де алаңда небір финттерді жасап жүрген Тәкеңнің ойынына жұртшылық риза болды. Сонымен бірге турнирдің үздік қоғаушысына, қақпашысына және ойыншысына Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің құрмет грамоталары мен сияпаттар табысталды. Осы турнирдің тәртіппен өтуіне жауапты болған алаңдағы төрешілер, футбол мектебінің бапкерлеріне де құрмет көрсетілді.

Турнирдің қола жүлдегерлері Алтынсарин-Кемелұлы командасына естелік кубок, медальдер және 50 000 теңге ақшалай сыйлық берілсе, күміс жүлдеге ие болған Созақ-Әліұлы командасына да кубок пен медаль және 70 000 теңгенің сертификаты берілді. Ал турнир жеңімпаздары Байтұрсынов-Әлімқұлов командасына чемпиондар кубогі мен 100 000 теңгелік сертификатты Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Нұрәлі Айдаров табыс етті. Сөйтіп бұл шара ұстаздар қауымына мереке қарсаңында керемет көңіл күй сыйлады деп айтсам жаңылмас едім. Осындай игі іске мұрындық болған Созақ аудандының адами әлеуетті дамыту бөліміне,Созақ аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымына және осы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз көмегін көрсеткен Созақ аудандық балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің директоры Сәрсенбаев Бақтыбайға ұстаздар атынан алғысымызды білдіреміз.

Ұстаздарымыз салауатты өмір салтын серік етіп жүрсе шәкірттеріне үлгі емес пе. Өйткені, спорт адамды жан-жақты дамытатыны бесенеден белгілі.

Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ұстаздар.

Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.Мұғалімдер арасында футзал турнирі Мұғалімдер арасында футзал турнирі Мұғалімдер арасында футзал турнирі Мұғалімдер арасында футзал турнирі Мұғалімдер арасында футзал турнирі