Мұғалімдер арасында үстел тенниснен турнир өтті
Сайрам ауданының адами әлеуеті дамыту бөлімі мен Сайрам ауданы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастырумен, білім қызметкерлері арасында үстел теннистен аудандық жарыс өтті. Жарысқа ауданның әр аймағынан 7 құрама команда қатысып бақтарын сынады. Жарыстың қорытындысы төмендегідей:
І-орынды Арыс округінің ұстаздары иеленді.
ІІ-орынды Қарабұлақ округінің ұстаздары иеленді.
ІІІ- орынды Көлкент округінің ұстаздары иеленді.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өткенін айтқан жөн. Жеңістеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.