Мұғалімдер күнімен құттықтау

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!

 

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының атынан Сіздерді «Мұғалімдер күні» кәсіби мерекелеріңізбен  шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің мерекелеріңіз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі мерекелердің бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Мұғалімдердің жалақысы бірнеше жылда екі есеге көтерілгелі отыр. «Педагог мәртебесі туралы» Заңы қолданысқа енгізіліп, ұстаздардың беделі мен абыройын арттыру, әр түрлі қосымша жүктемелерді азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Облыстық кәсіподақ комитеті әрбір еңбеккерге тиісті еңбек жағдайын жасау, әлеуметтік және экономикалық қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету, еңбек қатынастары мен әлеуметтік әріптестікті дамытуға бағытталған шараларды үздіксіз атқаруда. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімнен өнеге, білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстаздарға арналған теңеулер.

Ұлт ұстазы, қазақтың өткен ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: “Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім”- деді. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы – білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыздың өзі бәсекелестіктің бағын ашады. “Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!” – деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір сөз жанкешті абзал жандарға деген сый мен құрметті білдіреді.

Құрметті ұстаздар! Тамаша мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында  сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілеймін! Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін.

 

Ізгі тілекпен, Облыстық кәсіподақ

комитетінің төрағасы Бахыт ЕркінбекМұғалімдер күнімен құттықтау