Мұғалімдер күні атап өтілді!

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында дәстүрлі түрде «Мұғалімдер күні» кәсіби мерекесіне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың онлайн форматта өткізген арнайы құттықтау рәсімімен басталды.
Мерекелік жиынды облыс әкімінің орынбасары А.Жетпісбаев құттықтау сөзімен ашып, үздік ұстаздарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, облыс әкімінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары», облыстық мәслихаттың «Алғыс хаттары» табыс етіліп, бағалы сыйлықтар қоса берілді. Сондай-ақ, «Үздік сынып жетекші» байқауының жеңімпаздарына 100 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар табысталды.
Облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев пен Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, үздік ұстаздарға және халықаралық байқаулардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етті.

Мұғалімдер күні атап өтілді! Мұғалімдер күні атап өтілді! Мұғалімдер күні атап өтілді! Мұғалімдер күні атап өтілді! Мұғалімдер күні атап өтілді!