«Мұғалімдер күні» мерекесі

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеті,  аудандық білім бөлімімен  бірлескен «Мұғалімдер күні» мерекесі өткізілді. Мерекеге аудан  әкімі қатысып ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтап, жас мұғалімдерден ант қабылдап қызметтерінің табысты  болуына тілек білдірді. Қатысушыларға Абайдын қара сөздер жинағының кітапшасы сыйға берілді. Мерекелік іс-шараға  255  кәсіподақ мүшелері қатысты. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Абишев Дәулен мырза ұстаздарды құттықтап облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісі және Құрмет грамоталарымен,  арнайы сыйлықтармен марапаттады. Мереке соңында ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып қатысушыларға  көтерінкі  көңіл күй сыйлады.

«Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі «Мұғалімдер күні» мерекесі