Мұғалімдер спартакиадасы
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түркістан облысы, Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында спорттың үш түрінен Мұғалімдер спартакиадасы ұйымдастырылды. Жалпы спартакиадаға аудандағы білім беру ұйымдарында жұмыс істеп жүрген бірнеше пән мұғалімдері қамтылды. Бекітілген спартакиада ережесіне сәйкес Жетісай қаласы, кент, ауылдық округтерде орналасқан мектептердің мұғалімдері үш кезеңде спорттың үстел теннисі, футзал, волейбол түрлері бойынша сынға түсті. Бір айға созылған Мұғалімдер спартакиадасына 1368 мұғалім қатысты. Спорттың ойын түрлері бойынша балдық жүйемен ұпай жинап спартакиада жеңімпаздары анықталды.
Спартакиада нәтижесінде үстел теннисінен Н. Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебінің командасы І орын, І. Есенберлин атындағы №54 жалпы орта мектебі ІІ орын, Д. Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицей командасы ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар үздік өнер көрсетіп ерекше ойынымен “Үздік ойыншы” номинациясымен Қарашев Ерлан, “Үздік ойыншы” атағымен Ануар Жазира, “Өте шапшаң ойыншы” номинациясымен Анықбаева Айман, “Өте икемді ойыншы” атанған Кайпов Полат сынды ұстаздарымыз .көзге түсті. Спорттың футзал түрінен І орынды Т. Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің ұстаздары жеңіп алды. ІІ орын Ж. Сауірбаева атындағы №16 жалпы орта мектебі, ІІІ орынға Р. Қошқарбаев атындағы №50 жалпы орта мектебінің командасы тұрақталды. “Үздік қорғаушы” номинациясымен Бейсенбаев Қанат, “Үздік шабуылшы” Сәти Бауыржан, “Үздік қақпашы” Уразбаев Ердаулет және ең “Үздік ойыншы” номинациясымен Күнжігітов Әлібек марапатталды. Волейбол ойыны бойынша Д. Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицей командасы І орын, Б. Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы ІІ орын, №65 “Достық” жалпы орта мектебі ІІІ орынды жеңіп алды. Ойын қорытындысында “Үздік шабуылшы” Датқабаев Жанболат, “Үздік доп ұзатушы” Кенжебек Марат, “Үздік қорғаушы” Джанабеков Асхат және спартакиада барысында ерекше көзге түскен ең “Үздік ойыншы” номинациясымен Асабаев Еламан марапатталды.
Мұғалімдер спартакиадасы қорытындысы бойынша спорттың үш түрінен жалпы командалық есепте
І орынмен Д. Қонаев атындағы №9 IT мектеп-лицейінің ұстаздары жеңімпаз атанды.
ІІ орынды Н. Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебінің ұстаздары,
ІІІ орынды Т. Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінің мұғалімдері жеңіп алды.