Наурыз мерекесі

Көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын барша Азия халқы дүбірлетіп атап өткені анық. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналды. Осындай жайма шуақ күнде Сауран ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ комитеті Түркістан қаласындағы “Балғын” бөбекжай-балабақшасында, Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Бабайқорған жалпы орта мектебі мен №13 жалпы орта мектебінде, Молда Мұса атындағы жалпы орта мектеп және Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінде болып, еңбегі сіңген бірқатар ұстаздарға комитеттің төрайымы Рысбекова Фатима салтанатты жиында сөз алып, көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-Анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалағанын айтып, тәрбиешілер мен ұстаздарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады. Одан әрі іс-шарада лауазымдық міндеттерін үлгілі әрі адал орындағаны және өз қызметтерін жоғары сапада жүзеге асырып, еліміздің беделін арттыруға үлес қосқаны үшін “Кәсіподаққа еңбегі сіңген” төс белгісін және Түркістан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ҚБ Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шарадан соң ұстаздарға арнайы өнерпаздар мерекелік концерт ұсынды. Құлақтан кіріп бойды алған әуезді ән, күмбірліген күй жұртшылықты мәз-мейрам етті.

Барлық марапатқа лайық болған ұстаздарға табыс тілеп, еңбектерінің жемісін көріп, жас ұрпаққа үлгі боларлық іс атқарып жүргендеріне ризашылығымызды білдіреміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Наурыз мерекесі Наурыз мерекесі Наурыз мерекесі Наурыз мерекесі Наурыз мерекесі