Наурыз

Ұлыстын ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз – жыл басы. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Халқымыз әрбір жаңа жылдан жақсылық күтіп, келер күнге зор сеніммен қараған. Наурыз – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өткен мен бүгінді сабақтастырып келе жатқан халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, халқымыздың төл мерекесі.

Түркістан қалалық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Нурыз- Шашу» атты меркелік іс шарасы өтті. Салтанатты іс шараға Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы қатысып, барша жиналған қауымға ізгі тілегін білдіріп құттықтады. Жиналған жұрт түрлі сахналық қойылымдар мен өнер иелерінің концертін тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді.

Іс-шара соңында оқушылар сарайын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында «Бір тал кессең он тал ек» ұранның ұстанып тал отырғызу рәсімі өтті.

Наурызда ниет еткен барша тілектеріңіз қабыл болсын. Әрбір шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз Наурыз