Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісі
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының атқару комитеті «Мұғалімдер күні» және «Кәсіподақтар күні» мерекелерін атап өту мәселелерін талқылады.
21 қыркүйек 2022 жылы «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.
Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 1 қыркүйек 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы-заңгер Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады. Ордабасы, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Қ.Төлебаев, Ә.Тастанбеков сөйлеп, Жолдауды насихаттау, түсіндірме жасау жөніндегі жұмыстары мен ұсыныстарын айтты.
2.Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров анықтамамен таныстырды. Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ж.Мухаев хабарлама жасап, атқарылған жұмыстары мен орын алған кемшіліктерді түзеу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы айтты.
Талқылауға атқару комитетінің мүшелері Ә.Тастанбеков, Е.Қасым, Р.Сайлауұлы қатысты.
3.«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарында кәсіподақ органдарының есеп берулері мен сайлауларын өткізу жөніндегі нұсқаулықты туралы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов түсіндірме жасады, сұрақтарға жауап берді.
4.Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің кәсіподақ жұмысын атқару жөніндегі іс-тәжірибесі жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Л.И. Ан хабарлама жасады. Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің іс тәжірибесі бойынша ақпараттық бюллетен дайындалып, кәсіподақ жұмысында пайдалану үшін аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне таратылды.
- «Мұғалімдер күні» және «Кәсіподақтар күні» мерекелерін атап өту туралы облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлама жасап, ұстаздардың және кәсіподақтың төл мерекелерін лайықты өткізу жөніндегі облыстық комитеттің ұсыныстарымен таныстырды. Айтылған мәселе бойынша талқылауда атқару комитеті мәжілісіне қатысушылар ұсыныстарды қолдап, өз ойларымен бөлісті, қосымшалар айтты. Мерекелерге байланысты дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары түзілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі