Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі

Келелі мәселелер қараған атқару комитеті

 

2021  жылғы 17 маусым күні    «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің  кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Кеңейтілген мәжіліске атқару комитетінің мүшелері және аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  1. «Облыстық кәсіподақ комитетінің 2020 жылғы кәсіподақ бюджетінің орындалуы және 2021 жылға кәсіподақ бюджеті туралы».
  2. «Облыстық кәсіподақ комитетіне 2020 жылы түскен кәсіподақ мұшелік жарнасы және оның жұмсалуы жайлы».

3.«Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің әлеуметтік әріптестікті дамыту, үш жақты келісім және ұжымдық шарттардың орындалу барысын бақылау жасау жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы».

  1. Облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауына дайындық жұмыстарының барысы туралы Жетісай, Отырар, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеттері төрағаларының хабарламалары.
  2. Түрлі мәселелер.

 

Күн тәртібіндегі «Облыстық кәсіподақ комитетінің 2020 жылғы кәсіподақ бюджетінің  орындалуы және 2021 жылға кәсіподақ бюджеті туралы» және «Облыстық кәсіподақ комитетіне 2020 жылы түскен кәсіподақ мұшелік жарнасы және оның жұмсалуы жайлы» мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің бас бухгалтері Р.Жолдықараева есептер берді.

Есептер бойынша талқылауда  Кентау қалалық және Түлкібас, Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Т.Садуов, Д.Абишев, С.Әмзеева сөйлеп, есептердің нақты көрсетілгені, талдау жұмысы жүргізіле отырып жан жақты жасалғанын айта келе,  бекітілсін деген ұсыныстарын айтты. Талқылауды Б.Еркінбек қорытты.

«Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің әлеуметтік әріптестікті дамыту, үш жақты келісім және ұжымдық шарттардың орындалу барысын бақылау жасау жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы» мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров анықтамамен таныстырды, сұрақтарға жауап берді. Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің жұмысы  жайлы қосымша хабарлама жасады.

Қаралған мәселе бойынша Мақтаарал, Сайрам аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары А.Жолдасов, М.Сейдалиева және облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов сөйлеп, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің әлеуметтік әріптестікті дамыту, келісім мен ұжымдық шарттардың орындалуына бақылау және басшылық жасау жөніндегі іс-тәжірибесіне, осы жұмыстар арқылы ұжымдық шарттардың ықпалы артып отырғаны туралы пікірлерін білдірді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Б.Еркінбек қорытынды сөз сөйледі.

«Облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауына дайындық жұмыстарының барысы туралы» мәселеде Жетісай, Отырар, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары А.Ниязбеков, Е.Қасым, Д.Абишевтің  хабарламалары тыңдалды.

Атқару комитеті қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі