Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі

Облыстық кәсіподақ комитетінің мәжілісі болып өтті!

 

Бүгін 01.06.2021 ж. Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті.

Мәжіліске атқару комитетінің мүшелері және аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.

Мәжіліс Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай қатысушылардың бір минуттық үнсіздігімен басталды.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелерді баяндап, бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Сондай-ақ қолданыстағы заң талаптарына сәйкес өзекті мәселелерге мән беріп, оқу жылының аяқталуына орай педагогтарды кезекті еңбек демалысына мерзімінде жіберу, демалыс ақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыларды уақтылы төлеу, еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды толық көлемде төлеу, білім саласы қызметкерлерін емдеу және сауықтыру бойынша жұмысты жандандыру, келесі оқу жылында педагогтардың жүктемелерін сақтау, педагогтарды басқа жұмыстарға тартпауын назарда ұстауды ұсынды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасаса, мәжіліске қатысушылар Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, Қ.Төлебаев, Ф.Рысбекова т.б. төрағалар аудан, қалаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, өз ұсыныстарын білдірді.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек мәжіліске қатысушы кәсіподақ активін, сол арқылы барлық кәсіподақ мүшелерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің  мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің  мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің  мәжілісі Облыстық кәсіподақ комитетінің  мәжілісі