Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті

2024 жылғы 5 наурыз күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің XXIІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Облыстық кәсіподақ комитетінің 28.03.2023ж. пленумы қаулысымен белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес, конференцияға 110 делегат сайланған. Конференция жұмысына 107 делегат қатысты. Облыстық кәсіподақ конференциясына делегаттар сайлауда облыстық кәсіподақ ұйымына мүше аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының, облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдік етуі қарастырылған. Қазір облыстық кәсіподақ ұйымы құрамында 100 мыңға жуық кәсіподақ мүшесі, 1343 бастауыш кәсіподақ ұйымы, 17 аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттері бар.

Облыстық кәсіподақ конференциясына «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының төрағасы А.Дощанова, облыстық маслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы А.Салимов, облыстық маслихат депутаты Д.Әбіш, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының басшысы Б.Төлімбет, т.б. шақырылғандар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияны Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы ашып, жүргізіп отырды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы Б.Еркінбектің есепті баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларын насихаттау және түсіндірме жүргізу жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақтардың ролін күшейту және жетілдіре түсу, кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін заман талабына сай жүргізу, олардың мұқтажына дер кезінде көңіл бөліп, уақтылы шара қолдану жөніндегі жұмыстар, кәсіподақ ұйымдары қызметіне жаңа серпін беру жөніндегі міндеттер атап көрсетілді. Облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарту және белсенділігін көтеру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстары, жұмыс істеуші әйелдердің құқықтарын қорғау, ұжымдарда еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөніндегі атқарылған жұмыстар сараланды, кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттер айтылды.

Облыстық кәсіподақ ұйымы тексеру комиссиясының төрағасы М.Шураева тексеру комиссиясының есебі туралы баяндама жасады.

Облыстық кәсіподақ конференциясында облыстық кәсіподақ комитетінің есепті баяндамасын, облыстық тексеру комиссиясының баяндамасын талқылау жөніндегі жарыссөзде Отырар ауданы, «Отырар» жалпы білім беретін мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Өскенбай Нұрбол Жолдасбекұлы, Түлкібас ауданы, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры – Асилбеков Нургиса Калдыбекович, облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының басшысы – Б.Төлімбет, облыстық маслихат депутаты – Дулат Әбіш Назарбекұлы, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының төрағасы – А.Дощанова сөйледі.

Конференция қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.

Конференцияда жаңа мерзімге облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметіне Еркінбек Бақыт Сейітжаппарұлы бірауыздан сайланды. Конференцияда облыстық кәсіподақ комитетінің, тексеру комиссиясының құрамдары сайланды.

Конференция соңында үздік және белсенді кәсіподақ мүшелері Оқу-ағарту министрінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, «Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі және Алғыс хатымен, Түркістан облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы, Түркістан облыстық маслихатының Грамотасымен, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хатымен, облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен марапатталды.

Б.Еркінбек облыстық кәсіподақ комитеті атынан конференцияға қатысушы әйел азаматшаларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді, оларға арнайы гүл шоқтары табысталды. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, өз мәресіне жетті.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті Облыстық кәсіподақ конференциясы өтті