Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті

2019 жыл 20 ақпан күні сағат 10.00-де Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Темірлан е.м орналасқан “Жастар” сарайының үлкен залында “Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру” тақырыбында семинар өтті. Семинарға Ақбердиев Ғ.К-облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы, Датқаев Ә.Ә-Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы” аумақтық бірлестігінің бас маманы, Ақшегирова О.М- “Медиацияны дамыту орталығы ” республикалық ҚБ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің директоры, Сапарбаева Г.П-Шымкент қаласы адвокаттар алқасының адвокаты, Абай аудандық заң консультациясының меңгерушісі, 95 бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс берушілері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, аудандық білім бөлімінің мамандары және С.Сейфуллин атындағы ЖОМ келісу комиссиясының мүшелері қатысты. Семинар жұмысының бағдарламасымен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш таныстырып, семинар жұмысына төрағалық етті. Семинарда үш мәселе бойынша баяндамалар оқылып, түсіндірмелер мен сұрақтарға жауаптар берілді және “Іскерлік ойыны” өткізілді. 1.”Келісу комиссиясының жұмысын құқықтық реттеу. Келісу комиссиясы туралы ереже” (Маxанова З.С), 2.”Еңбек дауы және оның туындау себептері. Жеке еңбек дауын шешудегі келісу комиссиясының ролі”. (Сапарбаева Г.П), 3. “Медиация заңының қолдану аясы” (Ақшегирова Л.М). 4.Іскерлік ойыны:”Келісу комиссиясының” отырысы (С.Сейфуллин атындағы ЖОМ). Баяндамашылар еңбек қатынастарын реттеуге байланысты келісу комиссиясын құру және оның жұмысын жүргізу, жеке еңбек дауының туындау себептері, оны шешудегі комиссиясының ролі, медиация заңының маңызы туралы жан-жақты баяндады. Ақбердиев Ғ.К және Датқаев Ә.Ә келісу комиссиясының құрамын таңдауға мән беру керектігі, күнделікті жұмыс барысында мән беріле бермейтін қарапайым жайттардан үлкен еңбек дауының туындау жағдайлары, оны шешудің жолдары туралы өздерінің тұжырымды және салиқалы ой-пікірлерімен бөлісті. Іскерлік ойынында С.Сейфуллин атында жалпы орта мектебінің (ұжымда 175 кәсіподақ мүшесі бар) келісу комиссиясы жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты тоқтатылған ҚР ЕК 52 б 1-ші тарм.24-ші тармақшасы) мұғалімнің арызы туралы істі қарады. Комиссия отырысына куә ретінде мектептің іс жүргізушісі және сарапшы-маман ретінде адвокат Сапарбаева Г.П, аудандық кәсіподақ өкілі Маxанова З.С қатыстырылды. Сондай-ақ С.Мұқанов атындағы ЖОМ директоры Табылды Н.Қ жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарын реттудегі өз тәжірибесін ортаға салды. Бұл жерде көңіл бөлетін мәселе жұмысқа белгісіз себептермен бір айдан астам уақыт бойы жұмысқа келмеген жұмыскерлердің біреуімен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасымен (ҚР ЕК 52 б.1 т. 24), ал екіншісімен, алдымен тәртіптік шара қолданып, одан кейін еңбек шартының жұмыскердің бастамасымен (ҚР ЕК 49-5 бабы) бұзылуы. Сол сияқты келісу комисиясы істі қарауда неге көңіл бөлу керектігі жөнінде де әңгіме қозғалды. Жұмыс берушілер жеке еңбек дауы және жалпы еңбек қатынастарын реттеуге байланысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Семинар соңында төрағалық етуші айтылған пікірлер мен ұсыныстар негізінде дайындалған семинардың резолюциясының (шешімімен) жобасымен таныстырды. Семинарға қатысушыларға бағдарламада көрсетілген мәселелер бойынша әдістемелік көмек ретінде 215 дана кітапша дайындалып, таратылды. Кітапшаға семинарды өткізу туралы қаулыдан бастап,жоспары, бағдарламасы,баяндамалар мәтіні, С.Сейфуллин атындағы ЖОМ дайындалған келісу комисиясы ережесінің үлгісі, комиссияны құру тәртібінің, оның отырысын өткізу және комиссия мүшелерін, жауапты тараптарды, сарапшылар мен куәні шақыру құжаттары, арызды тіркеу журналының, комиссияда жеке еңбек дауын қарау жөніндегі “Іскерлік” ойынының желісінің (сценарий), комисия xаттамасының, шешімінің үлгілері, семинар резолюциясының жобасы енгізілді. Жиын соңында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш құнды баяндама жасаған Г.П.Сапарбаеваны және Л.М.Ақшегірованы аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапаттады.Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті Ордабасы аудандық кәсіподақ комитеті