Ордабасы аудандық спартакиада

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен аудандық білім бөлімі және аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында аудандық спартакиадасын өткізді. Мұғалімдер спартакиадасы  2019 жылдың 21 қыркүйек күні Темірлан елді мекеніндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионында спорттың 10 түрінен (волейбол, кіші футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі, жеңіл атлетика және тоғызқұмалақ) өтті. Спартакиадаға  385 кәсіподақ мүшесі, оның ішінде 77 әйел қатысты. Әр спорттың түрі бойынша кәсіподақ мүшелері Дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.

Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада Ордабасы аудандық спартакиада