Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасы
Ордабасы ауданы, Айгөлек балабақшасында “Еңбек күні” мерекесі қарсаңында ертеңгілік өтті. Балабақша ыңғайластырылған жайда орналасса да оқу қызметін жүзеге асыруда көштен қалып жатқан жоқ. Балабақшада көгалдандыру жұмысы өте жақсы жолға қойылған, ұжым мүшелері бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істеуде. Тәрбиеленушілер алған білімі мен дағдысын өздерінің өнерлерімен көрсете білді, әсіресе ортаңғы топ балалары өте белсенді екен. Кәсіподақ мүшелері де ертеңгіліке аса жауапкершілікпен қатысты. Көп елене бермейтін, бірақ болашақ ұрпақ үшін маңызы зор болып табылатын ұлттық “Құрсақ шашу” рәсімі жұмыскерлердің күшімен орындалып, керемет насиxатталды. Ұжым мүшелерімен кездесіп, әлеуметтік мәселелер төңірегінде сұқбат жасадық. Балабақша басшылығына, ұжым мүшелеріне және ата-аналар қауымына өз ризашылығымызды білдірдік! Саналы ұрпақты тәрбиелеуде жетістіктерге жете берсін!